«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
"Теміртау қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі" ММ туралы
"Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.