Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметі
Бірыңғай кадр саясатын бақылау және іске асыру. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тұрғыдан дамуын ұйымдастыру.
Қызмет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке ие.
- Қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.
- Қызмет басшысы Қызметтің жалпы жұмысын басқаруды жүзеге асырады және Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
- Қызмет басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін Қызметтің бас инспекторларының бірі орындайды.
- Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге құрылымдық бөлімшелерге Қызметтің атынан жолданатын құжаттарға Қызмет басшысының қолы қойылып жіберіледі, ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.