«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі
О отделе
- Бөлім туралы
Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады:Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн тұрақты дамыту, өнiмдi көтеру бойынша бағдарламаларды әзiрлеу; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсiпорындарға ауыл шаруашылық өнiмдi қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттiк несиелеу бағдарламалары арқылы несиелеудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- аграрлық секторда ауылшаруашылық өнiмдерiн сату саласында нарықтық құрылымдардың және бәсекелестiктiң қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ агросервистi енгiзуге көмектесу;
- ауыл шаруашылығы өндiрiсiне және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өндеуге жаңа техника және прогрессивтi технологияларды енгiзу;
- ауыл шаруашылығын техникалық қайта жабдықтауға қатысу;
- ауыл шаруашылығындағы жергiлiктi және шетелдiк жетiстiктердi зерделеу және насихаттау;
- осы заманғы шетел технологияларын сатып алуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру;
- ауданның агроөнеркәсiп кешенiнде инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысу;
- ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамыту, ауылдағы инвестициялық саясат және әлеуметтiк сала бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
- ауданның барлық тауар өндiрушiлерiнiң дамуы үшiн ауылшаруашылығы нарығын реттеу механизмiн құруға және қажеттi экономикалық жағдайлар туғызуға және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- экономикалық және статистикалық ақпаратты талдауды және жинастыруды, тұтынушылар сұранысын, өткiзу нарығының жағдайын (маркетингтiк зерттеу) талдауды жүзеге асырады, ауылшаруашылық өнiмдерiн тұтынушылар мен өндiрушiлердiң байланыстарын iске асыруға, өнiмдi сыртқа шығару жөнiнде ұсыныстарды дайындауға қатысуға жәрдемдеу;
- ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамыту және қайта өңдеушi агроөнеркәсiптiң орта мерзiмдiк жоспарын әзiрлеуге қатысу;
- ауданның аграрлық секторы өндiрiстiк қызметiнiң жағдайын талдауды жүзеге асыру;
- ауылдык елдi мекендерде кәсiпкерлiк қызметiнiң белсендiгiн жандандыру, инвестиция тарту, шығарылатын өнiмдердiң көлемiн көбейту, ассортиментiн кеңейту және сапасын көтеру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
- ауылшаруашылығы өндiрiсiн кадрлармен қамтамасыз етудi жақсарту жөнiнде шаралар кешенiн және ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандар құрамының сапалы және сандық мониторингiн жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамыту және қайта өңдеушi агроөнеркәсiптiң орта мерзiмдiк және стратегиялық жоспарын әзiрлеуге қатысу;
- пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыз ету жұмыстарын мүдделi мемлекеттiк органдармен ұйымдастыру;
- фитосанитарлық зиянды организмдер жөнiндегi мониторинг өткiзу бойынша жеке және заңды тұлғаларға әдiстемелiк көмек көрсету, өсiмдiктердi корғау саласында тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және ұйымдастыру;
- фитосанитария шаралары және өсiмдiктердi қорғау саласында нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпаратты мүдделi тұлғаларға ұсынуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
- тыйым салынған объектердi таратуды есепке алу және мүдделi тұлғаларға ақпарат ұсыну;
- орталық уәкiлеттiк орган белгiлеген нормативтерге сәйкес бiрiншi, екiншi және үшiншi түрлi тұқымды тарату және өндiру квотасын тұқым шаруашылығы арасында бөлу;
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, мемлекеттiк тiркеуге және қайта тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi;
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi;
- кепiлдiк тракторы және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi беру және тiркеу жөнiнде мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi;
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқару куәлiгi бар тұлғаларды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi;
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды басқару куәлiгiн алуға емтихан қабылдау және куәлiк беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетедi;
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналар ауыртпалығы жоқтығы (болуы) туралы ақпараттар беру мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi;
- ауыл шаруашылық машиналарды мемлекеттiк тiркеу бойынша есептiк мәлiметтердi «АӨК салаларын басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiне» (ББАЖ) енгiзедi;
- заңнамамен көзделген жағдайларда машиналарды тiркеуден алуға шектеулер қояды;
- жеке және заңды тұлғаларда ауыл шаруашылық техниканы тiркеудiң болуы туралы құзырлы органдардың және иелерiнiң сұрауларына жауап бередi;
- көктемгi-егiстiк және астық жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi жанар-жағармай материалдарын сатып алу, ауыл шаруашылық техниканың болуы, қажеттiлiгiне мониторинг және талдау жүргiзедi.
- Бөлім туралы