Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі КММ
"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Бөлім) жедел басқару құқығында мүлкі, дербес балансы, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар заңды тұлға болып табылады.
Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қызметтің құқықтық негізін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілері, СҚО Ішкі саясат басқармасының бұйрықтары, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары және облыс және аудан әкімдерінің шешімдері құрайды.
Заңды мекенжайы: Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 10,
Бөлім қызметінің негізгі бағыты қоғамдық–саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу болып табылады.