«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ

    Жалпы ақпарат

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Бөлім), аудан аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Міндеттері:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

    2. экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    3. Жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

    4. аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару.

    Бөлімнің функциялары:

    1) сәулет және құрылыс саласында:

    заңнамаларда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (елді мекендерді толық жоспарлау жобасын, елді мекендердің құрылыс салу схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын) iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

    мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

    аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

    құрылыс туралы шешімдер қабылдау, аумақты инженерлiк дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, аудандық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау;

    аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларда, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру, оларды ұстауды бақылау (пайдалануды, қанауды);

    аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды ұйымдастыру;

    салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу;

    ұсыныстарды таңдау, ұсыну бойынша дайындау, заңнамалық актілермен қарастырылмаған жағдайда, ведомстволық бағынышты аумақта құрылыс немесе басқа да елдімекен құрылысын меңгеру үшін жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждары үшін алып қою;

    бар ғимараттардың үй-жайларын жаңадан жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдау;

    елді мекен шегінде объектіні салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу;

    түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келісу;

    елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;

    құрылыс үшін сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды рәсімдеу;

    бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз ету;

    құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

    жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға сәулет және құрылыс саласындағы жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:

    коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй салу және оны бөлуді ұйымдастыру;

    тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

    тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізу;

    жалдаушылармен коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үй жалдау шарттарын жасау;

    кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығындарды өтеу бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;

    коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайлармен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;

    ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;

    ауданның су құбырларын, тазалау құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының объектілерін салу және пайдалануды ұйымдастыру;

    ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс істеуге дайындық бойынша жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;

    аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелер желiсiн басқару;

    аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелердің құрылысы, қайта құру, пайдалану, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

    жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, және маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;

    жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

    шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін және сызбасын дайындау және бекіту; ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

    тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

    тұтынушылардың қазандықтарын, жылу желілері мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануға және техникалық жай- күйіне және қазандық, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауға және жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;

    аудан аумағында аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша бақылауды жүзеге асыру;

    жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.