Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме

    Об отделе

    "Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, Есіл ауданының әкімдігі аудан халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жүзеге асыру жөнінде уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


    Қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілері, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұйрықтары, облыстық, аудандық әкімдіктің қаулылары және облыс және аудан әкімдерінің шешімдері құрайды.


    Заңды мекенжайы: Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Иманов көшесі 78А,

    Бөлім қызметінің негізгі бағыттары
    1) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
    2) жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласындағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмекті ұйымдастыру;
    3) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыспен қамту бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету;
    4) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.