«Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалы
Орталық қызметінің мәні болып табылады:
1) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
3) жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
9) әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
10) азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
12) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
13) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.