Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі КММ
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, "Мемлекеттiк органдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 1 қыркүйектегi № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде оның көшiрмесiн электрондық түрде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жолдауды қамтамасыз етсiн;
2) ресми жарияланғаннан кейiн осы қаулыны Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн;
3) жоғарыда көрсетiлген Ереженi заңнамада белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң осы салаға жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.