"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ
Бөлім туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Жер қатынастары бөлімі) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыруға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
- Жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастары саласындағы актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Жер қатынастары бөлімінің, егер оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2.
- Осы Ереже Жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жер қатынастары бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер жер қатынастары бөліміне Қазақстан Республикасының Жер кодексімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.