"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ

    Бөлім туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, мектептен тыс (қосымша) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады;

    2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша адамдарға (балаларға) аудан аумағында тұратын балаларға жалпы білім беруді қамтамасыз ету;

    3) экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

    4) балалардың құқықтарын қорғау және қоғамда рухани-адамгершілік басымдықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

    Негізгі міндеттері:

    1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

    2) білім алушылардың шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы білім алушылардың ой-өрісін байыту;

    3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, рухани және адамгершілік білім беруге, балалардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруына жағдай жасауға, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету;

    4) балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қатысты балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен алдын-алудың профилактикасы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

    5) білім алушыларды азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеуді үйлестіру;

    6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

    7) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.