Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Міндеті:
1) мемлекеттік органдардың қызметтерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану тәжірибиесін қорыту;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
5) қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппаратының бас маман- заңгерлеріне тәжірибелік көмек көрсету.
Функциялары:
1) аудан бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
2) аудан бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
3) аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Құқықтары мен міндеттері:
1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;
3) мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;
5) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды;
7) мемлекеттік органға келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;
8) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның бөлімдерінен сұратуға;
9) мемлекеттік органның басшысының келісімімен нормативтік құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнінде іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа бөлімдердің қызметкерлерін тартуға құқылы.