«Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония - үлкен өнер ордасы, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, өзінің жаңа заманға лайықты ғимараты бар.
Филармония жоспарының мақсаты: Қазақстанның қалаларына және алыс- жақын шет елдерге өз өнерлерін таныстыру, қазақ халық музыкасын кеңінен насихаттау болып табылады.
Филармония ұжымдары «ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ» концерттік залында қала тұрғындары мен қонақтарына жоспарлы түрде концерттік бағдарламасын ұсынып, халықтың қошеметіне бөленіп, алғысын алып келеді және Ақтөбе өңірінің өнерпаздары халыққа шынайы өнер көрсетуді үлкен мәртебе санайды.
Басшылық: Ниязова Дина Аманғазықызы
Мекен-жайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 90Б
Байланыс телефоны: 8 (7132) 90-64-58
e-mail: [email protected]
Сайты: [email protected]
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00 сенбі және жексенбіден басқа
БСН: 990340006955