«Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жалпы ақпарат
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық халық шығармашылығы Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғындардың демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау, өңірде бірыңғай мәдени кеңістік қалыптастыру, дәстүрлі ұлттық мәдениеттің түрлі жанрларын насихаттау мен дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, оларды заманауи өмірге кеңінен енгізу.