"Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі
1) Аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау;
2) азаматтардың шығармашылық бостандығына, мәдени қызметке, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
3) бос уақыт саласының дамуына жәрдемдесу, халықтың әртүрлі жіктерінің мәдени – демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз ету;
4) мәдениет саласындағы мемлекеттік қаржы-инвестициялық, инновациялық саясатты іске асыру;
5) мәдениет, өнер және кино, тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық байланыстарды дамыту;
6) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру;
8) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, облыстық ономастикалық комиссияның жұмысына жәрдемдесу;
9) Ресей Федерациясының шекара маңындағы облыстарында тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту мәселелері бойынша байланысты қамтамасыз ету;
10) өз жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы халықты хабардар ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер