«Қонаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мiндеттерi:

    • Білім беруді дамыту бағдарламаларын ісе асыру;

    • Кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

    • Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

    • Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;

    • Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

    • Қала аумағында мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастыру;

    • Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

    Функциялары:

    • Аймақтағы білім беруді дамыту бағдарламасын қалалық әкімшілігімен бірге ұйымдастыру;

    • Қазақстан Республикасының білім заңдары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуын бақылауды қадағалау;

    • Барлық білім мекемелеріндегі оқушылардың білімін аттестаттау және білімаралық қорытындысын өткізу, бақылауды қамтамасыз ету;

    • Мемлекеттік білім басқару үрдісін дамыту және жетілдіру;

    • Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, тәрбиелеу, оқытуды ғылыми-әдістемелік, психолого-медико-педагогикалық эксперимент ретінде өткізу;

    • Халықтың сұранысы бойынша білімдегі өзгерістерді халыққа жеткізу;

    • Білім мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаларын дамытуын және сақталуын қалалық әкімшілігіне ұсыныс жасау және қарастырылуын қамтамасыз

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.