"Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
Жалпы ақпарат
«Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерліктің қарқынды өсуі үшін экономикалық жағдай жасауда, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару және бақылау функциясын орындауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.