"Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің мақсаты ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ ахзаматтық қоғам институттарын, спорт мәдениет және тілдерді қолдау және дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.