"Шалқар аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме
Мәдениет саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Қазақстандағы бірлік факторы ретінде берік тіл саласын қамтамасыз ету.
1) ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
2) Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыс және ҚР құрама командалары үшін спорттық резерв пен жоғары сыныпты спортшыларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ Ақтөбе облысының құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы үшін жағдайлар жасау;
3) халықты сауықтыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, халықтың әртүрлі санаттары,мүгедектер, денсаулығы нашар адамдар арасында дене шынықтыру-спорт жұмысын үйлестіру;
4) дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау,саланы ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру;
5) Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын нығайту, дене шынықтыру және спорт мекемелерін спорттық мүкәммалмен, жабдықтармен, спорт нысанымен жарақтандыру;
Функциялар;
1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы мемлекеттік, қалалық, қоғамдық және басқа да коммерциялық емес ұйымдарға белгіленген тәртіппен ұйымдық-әдістемелік және қаржылық қолдау көрсетуге;
2) Шалқар ауданы әкімдігінің мемлекеттік биліктің атқарушы органдарынан ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан басқа заңды тұлғалардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға құқылы;
3) консультациялар беру және оның қарамағына кіретін проблемаларды зерделеу үшін ғылыми мекемелерді, мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды, шет елдіктерді қоса алғанда, шарттық негізде тартуға, мүдделі ұйымдармен ведомствоаралық комиссиялар, үйлестіру және сараптамалық кеңестер, уақытша шығармашылық ұжымдар, дене шынықтыру және спорт проблемалары жөніндегі жұмыс топтарын құруға;
4) Өз құзыреті шегінде конференциялар, семинарлар, кеңестер, кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізуге міндетті;
5) Дене шынықтыру және спорт саласында жарнамалық және баспа қызметін жүзеге асыруға;
6) бөлімнің қызметін жүзеге асыруға қатысты өкімдік құжаттардың жобаларын оларды келісу мақсатында қарауға міндетті;
7) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сот органдарына талап қою;
8) бөлімнің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, міндеттерді шешуге байланысты өзге де өкілеттіктерді іске асыруға;
9) "Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі"мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша ауданнан тыс жерлерге шығатын спортшыларға, спорттық ресми делегацияларға көшпелі құжаттарды ресімдеуге жәрдем көрсетуге
10) белгіленген тәртіппен облыстық, өңіраралық және спорт ұйымдарында ауданның мүдделерін білдіруге;
11) ведомстволық бағынысты мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
12) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
13) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату және тағайындау негіздерін айқындайды;
14) мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
15) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
16) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;