«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру бөлімі
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының " мемлекеттік қызметтер мониторингі және цифрландыру бөлімінің негізгі міндеттері»
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуына мониторинг жүргізу;
5) мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;
7) мемлекеттік қызметке қатысты мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
8) аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының нұсқауларына сәйкес мемлекеттік қызметтер бойынша тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізу;;
9) жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдар мен құжаттарды аудан әкімінің қарауына ұсыну;
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
11) Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихат шешімдерінің және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімімен қарастырылған басқа да құжаттардың талаптарын орындауды жүзеге асыру.