«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі бөлімі
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары
Міндет:
Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
функциялары:
1) Бейнеу ауданы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Бейнеу ауданы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілікті талдау және жоспарлау;
3) Бейнеу ауданы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) Бейнеу ауданы әкімі аппаратының кадрлық мониторингін және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "Е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу»;
5) Бейнеу ауданы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда бірлескен кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру;
6) "мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес Бейнеу ауданы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда кәсіби кадрларды дамыту;»;
7) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі Бірыңғай автоматтандырылған дерекқорда жүргізу;
9) кадрларды іріктеуді, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеуді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыруды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыруды ұйымдастырады.