"Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
"Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру, ауылдық округтің аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Азаматтардың арыздарын, өтініштерін, шағымдарын қарайды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің жиналуына ықпал етеді. Бюджеттік бағдарламалар жасап, оны аудандық мәслихатта бекіту үшін аудан әкімдігіне ұсынады. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді. Ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау және жөндеу, автокөлік жолдарын салуды, жөндеуді және қалыпты ұстауды қамтамасыз етеді.