"Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-сі
Жалпы басшылықты және аппарат қызметкерлерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Аппараттың банк есепшоттарын ашады;
Аппараттың шығыс сметасын бекітеді;
Барлық аппарат қызметкерлеріне міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады. Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кадрлық саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аппарат қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, оларды материалдық ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде өкімдер қабылдайды. Заңнамаларда белгіленген құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді. Заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.