«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Жалпы ақпарат
АМО қызметінің мақсаты ТЖ аймағында және жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы адам шығынын азайту болып табылады.
Тұрақты дайындықтағы ведомстволық медициналық бөлімшелер республиканың барлық 17 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада бар. Төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі АМО жедел бірліктері 2 далалық мобильді госпиталь, республиканың облыс орталықтарында шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі 62 бригада және 41 ТМҚП бригадасы болып табылады.
Басшы: Абджали Абдыбек Жұбанышұлы
Мекенжайы: Астана қаласы, Алпамыс батыр көшесі 23/1
Телефоны: 8 7172 95 91 80