«Қамысты ауданы әкімдігінің дене тәрбие және спорт бөлімі» ММ-сі
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт мәселелерін реттеу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларына, Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне, Қамысты ауданы әкімдігінің қаулыларына, Қамысты ауданы әкімінің шешімдеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
4. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.