«Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Жалпы ақпарат
Бөлімнің негізгі функциялары:
- Мәдениет мекемелерінде басшылықты жүзеге асыру, бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастыру;
- Мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету, олардың іс-әрекетіне бақылау жасау;
- Мекемелер мен ұйымдар жұмыстары практикасына жұмыс нысындары мен әдістерін енгізу;
- Мәдениет пен тілдерді дамытудың мемлекеттік, облыстық, аудандық жоспарларының негізгі бағыттарын құру;
- Халықаралық және республикалық, облыстық шараларға мәдени делегациялардың қатысуын қамтамасыз етеді;
- Мәдениет қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттыру ұйымдастырады;
- Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қаржылық жұмыстарына басшылық етеді;
- Ауданның жергілікті атқарушы органдарында «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарының, тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын үйлестіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен аналитикалық материалдарды даярлауды қамтамасыз етеді;
- Мекемелермен, ұйымдармен мемлекеттік тілді енгізу жөнінде өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;
- Аудандық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауданның ономастикалық ісіне талдау жүргізеді;
- Мәдениет пен тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады;
- Мәдениет пен тіларалық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатының мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
- Аудандағы тілдік ахуалдың мониторингін жүргізеді;
- Тілдік ортаны жасау, сондай-ақ мәдениет пен тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
- Орыс, ағылшын және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі;
- Мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың тіл мен мәдениет заңнамаларын сақтау мәселесі бойынша іс-әрекеттерін үйлестіреді және бақылайды, олардың бұзылу фактілерін қарайды және шара қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді.