«Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат
    Бекітілді
    Бурабай ауданы
    әкімдігінің қаулысымен
    2026 жылғы «05» қантар
    № а-1/1
    «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
    ЕРЕЖЕ
    1. Жалпы ережелер
    1. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:
    1) Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    2) Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    3) Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Бурабай ауданының мәдени-спорттық орталығы дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
    4.«Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
    6. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, өз атынан, сондай-ақ Бурабай ауданы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
    8. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 34.
    10. Осы Ереже «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
    12. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасында Бөлімнің құзыретіне жатқызылған функциялар мен өкілеттіктерді кәсіпкерлік субъектілеріне шарттық қатынастар арқылы бере отырып орындатуға жол берілмейді.
    2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
    13. Мақсаттары:
    - мәдениет және тілдерді дамыту саласында іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
    - дене тәрбиесі және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қолдау;
    14. Өкілеттіктері:
    1) құқықтары:
    - өз қызметін осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
    - бөлім құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;
    - ведомстволық бағыныстағы мәдениет және тілдер ұйымдарының басшыларына қажетті тапсырмалар береді;
    - тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
    2) міндеттері:
    - мемлекеттік басқару органдарына қажетті ақпаратты уақтылы ұсынады;
    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
    - бөлім мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді;
    - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
    15. Функциялары:
    - ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің қызметін үйлестіру және басқару;
    - государственный органға қарасты мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
    - Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, тілдерді дамыту және қолдану туралы аудандық бағдарламасын іске асыру;
    - мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтарының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуы жөніндегі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша есептерді дайындауды және бақылауды жүзеге асыру;
    - жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстанның өзге халықтарының тілдерін дамыту бойынша іс-шараларды өткізу;
    - Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, әкімшілік хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданады;
    - кітапханалардың әдебиетпен қамтамасыз етілуін талдау, аудандағы кітапханалық қорының сапасын арттыру;
    - ведомтсволық бағынысты ұйымдардың басшыларына аттестация ұйымдастыру және өткізу;
    - тарих пен мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сақтау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
    - мұражай қызметін үйлестіру, оны әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын есепке алуды, сақтауды, зерделеуді және танымал етуді жүргізу; Музейдің көрме, мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
    - мәдени-демалыс іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
    - клубтық ұйымдар мен кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету;
    - аудандағы кітапханалық қызмет көрсетудің жай-күйін зерделеу;
    - мәдениет саласындағы қызметкерлердің озық тәжірибелерін анықтау, жинақтау және тарату;
    - дене шынықтыру мен спортты дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік және республикалық бағдарламаларды іске асыру;
    - дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі актілерінің, Әкімнің өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
    - мәдени-ағарту мекемелер жүйесін дамыту мен кеңейту, көркем өнерпаздық жұмыстарын дамытуға көмек көрсету;
    - барлық азаматтар үшін дене шынықтыру және спорт сабақтары тең түрде қолжетімділікпен қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт сабақтарының еріктілігін көтермелеу;
    - өткізілетін дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағытын жүзеге асыру, халық арасында салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу;
    - бұқаралық дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіби спортпен айналысуға тең құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
    - меншік нысаны өзгерген жағдайда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың және басқа да объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
    - дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері мен құрылыстары желісін дамыту;
    - ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту, олимпиадалық, ұлттық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
    - спорт ұйымдары үшін мамандар даярлауды реттеу, олардың іскерлік біліктілігін арттыру;
    - азаматтарға дене шынықтыру және спорт мәселелері саласында консультациялық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.
    3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
    16. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    17. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    18. Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының өкілеттілігі:
    - бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындалуына дербес жауапкершілігін атқару;
    - мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бөлімінің құқықтық актілерін шығару және қол қою;
    Бөлім туралы ережені әзірлеу, бөлімнің құрылымы және штат саны бойынша ұсыныс беру және оны әкімдікке бекітуге ұсыну;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілі болу;
    - бөлім қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйым жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, функционалдық міндеттерін бекіту;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сай мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілерін қабылдау, жұмыстан босату, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, немесе тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешу;
    - әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің өкімдерінің орындалуына бақылау жасау бойынша жұмысты үйлестіру;
    - азаматтарды жеке қабылдауын жүзеге асыру;
    - ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-әрекеттерді орындамағаны үшін дербес жауапкершілігін атқару;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.
    -Бөлім басшысының болмау кезеңінде, оның өкілеттілігін «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы жүзеге асырады.
    4. Мемлекеттік органның мүлкі
    19. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
    Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі (Құрылтайшы) берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    20. Бөлімге бекітілген мүлік, коммуналдық меншік болып табылады.
    21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    22. «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.