«Ақкөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көліктері мен автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
"Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау және ауданның тұрғын үй-коммуналдық қорының сақталуын бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
Мекеменің миссиясы: сумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, канализация және абаттандыру жүйелерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық қорды сақтау, сапалы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету және аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолайлы өмір жағдайларын жасауда мемлекеттік саясатты жүргізуге ықпал ететін аудандағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде жол саласында мемлекеттің бірыңғай техникалық және нормативтік саясатын, көлік кешені инфрақұрылымын іске асыру, автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын салуды, күтіп-ұстау мен көгалдандыруды инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстар мен бақылауды ұйымдастыру;
2) автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында қызметтер нарығын қалыптастыруға қатысу, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың, заңды және жеке тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру;
3) озық тәжірибені, жаңа техника мен технологияларды қалыптастыруға және енгізуге қатысу;
4) жол секторының қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға қатысу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылар құқықтарын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру, қолданыстағы қызметтерді дамыту және жаңа қызмет түрлерін енгізу;
6) қалалық және ауылдық әкімдіктердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың коммуналдық меншік объектілерінің жұмыс істеуі мәселелерін шешу кезіндегі қызметін үйлестіру;
7) тұрғын үйлерді мемлекеттік коммуналдық қорға енгізуге, оларды балансқа қабылдауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты мәселелерді реттеу;;
8) тұрғын үйлерді қорға енгізу және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды шығару туралы ұсыныстар дайындау;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған тұлғалардың тізімін жүргізу
10) тұрғын үй қатынастарына барлық қатысушылардың (азаматтардың, меншік нысанына қарамастан тұрғын үй қорының меншік иелерінің, басқарушы ұйымдардың, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың) тұрғын үй заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау);
11) тұрғын үй қорын пайдалану және ұстау кезінде бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қабылдау.