«Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Жалпы ақпарат
Бөлімнің негізгі функциялары:
Экономикалық және жер реформаларының негізгі бағыттарын тереңдету және жетілдіру, аграрлық сектордың болашағын анықтау, инфрақұрылымдық нарықты қалыптастыру. Агроөнеркәсіп кешенінің даму саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеу, мониторинг жүргізу және талдау жасау, жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден астықтың қоры мен қозғалысы, егіс алқаптарының мониторингі, өнімділік және ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі, оларды өңдеу технологияларын сақтау туралы мәлімет жинау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысына жүйелі түрде талдау жүргізу, олардың жұмысын жақсартуда қолдау көрсету