"Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" ММ-сі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

    1) Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

    2) Агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды жүзеге асыру, саланы қаржылық сауықтыру, экономиканың үдемелі өсуі және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестицияларды тарту;

    3) Мемлекеттік саясат шараларын қолдану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Бөлімнің функциялары мен міндеттері:

    1) қаланың ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    2) ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығына мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;

    3) ауыл шаруашылығы өндірісін әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық және индикативті жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

    4) өз құзыретi шегiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына шектi жол берiлетiн бөлшек сауда бағасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

    5) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

    6) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.