"Жақсы ауданының ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ
Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі, аудан көлемінде мемлекеттік саясатты жүргізу функциясын атқарады.
Бөлімнің ең басты мақсаты ол аудан көлемінде өткізіліп отырған ішкі саясаттың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Мекеменің кызметіне аудандағы қоғамдық саяси жағдайлар, саяси партия, діни, жастардың қоғамдық ұйымы, «Қазақстан-2050» стратегиясын ақпараттық насихаттауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды орындау болып табылады. Сонымен қатар, аудан көлемінде мемлекеттік ақпарат саясатын, мемлекеттік тапсырысты орындау және өткізу, БАҚ-тың кызметін қадағалау функциялары жүктелген,
Бөлімнің қызметтік бағыттары туралы:
саяси партия, діни ұйымдар және үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен қарым қатынастық жүйені күшейту.
Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ақпараттық насихаттау және сүйемелдеу шараларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауын платформасын жүзеге асыруда әлеуметтік - экономиканы дамыту саласында тұрғындар арасында белсенді жұмыс жүргізу;
Қоғамдық бірігуді қамтамасыз ету,халық арасында, (дөнгелек стол, акция, фестиваль, байқаулар) сияқты қоғамдық, қөпшілік шараларын өткізу.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану және насихаттау;
Аудан, ауыл және ауыл округтердің сыртқы көрінісін бақылау;
Қоғамдық - саяси жағдайлар мониторингі.
Бөлімнің ең басты қызметі ол қоғамдық тұрақтылықты нығайту бойынша жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың қалыптасуына қатысу, оны жүзеге асыру, мемлекеттің егемендігін күшейту, қоғамдық демократиялық процесстерді біріктіру, Қазақстан -2050 жылға дейінгі Стратегиялык бағдарламасын дамыту, насихаттау. Бұл мақсатта, осы мекеме, қоғамдық ұйым, саясаттық партиялар, діни ұйымдар, профессионалдық одақтармен қарым қатынаста болады. Жастар саясатын, БАҚ, аудандағы шығысты, қоғамдық саясат процесстерін, социологиялық зерттеуді жүргізу, жинақтап, айқындап зерттеу ішкі саясат бөлімінің қызметы болып табылады.