«Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Бөлімнің негізгі функциялары:
1)азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіби оқытуға қолдау көрсету, ақылы қоғамдық әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1 тармағының 6) және 7) тармақшылары, 15 бабының 1 тармағы және 16-1) бабы;
2) өтініш берген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарландыру (Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1 тармағының (1 тармақшасы));
3) жұмыссыз азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке қою, жұмысқа орналасуға септесу, жұмыссыз азаматтарға олардың талабы бойынша анықтама беру («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы және 8 бабының 1 тармақтың (8 тармақшасы));
4) бос жұмыс орындары, сонымен қатар оларды қысқарту туралы мәліметтер қорын жинау және құру, жұмыс берушілерге қажетті жұмысшыларды таңдауға көмек көрсету («Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабының 2 тармағының 1) және 8 бабының 1) тармағының 3) (1) және 3) тармақшалары);
5) құжаттарды қабылдау, Қазақстан Республикасының лайықты Заңдарына сәйкес аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау және төлеу («Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу Ережесі» және Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 4 бабының 1 тармағының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 4 бабы және 3 бабының 1 тармағы, 2 бабының 1 тармағы);
6) жұмыссыз азаматтарға дербес жұмысқа орналасу және жұмысқа орналасу басқа нысандарын ұйымдастыруда жәрдемдесу (Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-1 бабының 3 тармағы);
7) қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындар, сонымен қатар аудан халқының нысаналы топтарын анықтау мен оларды қорғау бойынша әлеуметтік шаралар жөнінде аудандық әкімдіктің қарауына ұсыныстар әзірлеу және енгізу (Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, 18-1 бабы, 7 бабының (2 тармақшасы);
8) ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындар жүргізу, сонымен қатар жастар тәжірибесі бойынша жұмыстар ұйымдастыру үшін, олармен шарт жасасу мен жұмыссыздарды осы жұмыстарға жіберу үшін кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктейді (Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20, 18-2, 18-1 баптары);
9) мүгедек-балаларға және жалғыз тұратын ауру азаматтарға үйде қызмет көрсету үшін жұмыстарды ұйымдастыру;
10) мүгедекті оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік және еңбек оңалтуын ұйымдастыру («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 тарауының 11 бабы 1 тармақшасы);
11) соғыс мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңелген тұлғаларға, соғыс қатысушылардың жесірлеріне, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру (2012 жылғы 7 шілдедегі аудандық мәслихаты шешімінің 1 тармағы);
12) үйде оқып тәрбиеленетін балаларға, әлеуметтік тәрбиелік түзету көмегін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларға әлеуметтік, медико-педагогикалық және түзету қолдау көрсету туралы» Заңының 2 тарауының 7 бабы).