«Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММспекциясы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің миссиясы: Алтай ауданының аумағында тұрғын үй қатынастары жәнетұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

    Бөлімнің функциялары:

    1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;

    2) тұрғын үй қорын басқару саласында бақылауды жүзеге асыру;

    3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін бақылау;

    4) коммуналдық тұрғын үй қорынан үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына меншікке беру жөнінде жұмысты жүргізу;

    5) Ауданның даму бағдарламасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды енгізуді қамтамасыз ету;

    6) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    7) мемлекеттік–жекеменшікәріптестігі саласындағыжәне концессиялар туралы мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесжалпы пайдаланымдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендеркөшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    8) мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасын, соның ішінде концессияға тәртібін және оларды пайдалану шарттарының, оларда жүру үшін ставкаларының мөлшерін жүзеге асыру үшін (көпір өткелдерінің) автомобиль жолдары учаскелерін беру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

    9) жалпыға ортақ пайдаланылатынаудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқару;

    10) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді қабылдау;

    11) жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қаладан тыс және ауданішілік бағыттар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру, бағыттарды бекіту, осы бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу және бағыттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;

    12) жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қаладан тыс және ауданішілік бағыттар бойынша тасымалдау тізілімін жүргізу;

    13) жылу желілеріне, сумен қамтамасыз ету және кәріз желілеріне(магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісімдеу;

    14) Ведомстволықкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тарифтерінің көбеюі мен азаюын келісу;

    15) Ведомстволықкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысын, сондай-ақ басшысы орынбасарларын тағайындау және жұмыстан шығару;

    16) жылу беру маусымына ведомстволықкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дайындығына бақылау;

    17) Ведомстволықкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылау;

    18) елді мекендердің санитарлық тазарту және көгалдандыру, жарықтандыру, абаттандыру бойынша жұмыстарды бақылайды;

    19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.