"Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің ережесі

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, бюджеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік қаржыны сондай-ақ аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқару саласында қызмет атқаратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Бөлімнің ұйымдастырушылық құрылымы:

    - Бөлім басшысы

    - Бөлім басшысының орынбасары

    - Сектор меңгерушілері

    - Бас мамандар

    Жетешілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері:

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін ҚР заңнамасына, бөлімнің Ережесіне және лауазымдық нұқсаулықтарына сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлім басшысы

    - бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    - бөлімнің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

    - стратегиялық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    - мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

    - бөлім атынан құжаттарға қол қояды және жауапкершілік алады.

    Бөлім басшысының орынбасары

    - бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды;

    - жетекшілік ететін бағыттар бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    - бөлімде секторлардың жұмысын үйлестіреді;

    - бөлім басшысы болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.

    Сектор меңгерушілері

    - өз саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

    - тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

    - есептер мен талдамалық материалдарды дайындайды;

    - сектордағы қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.

    Бас мамандар

    - өз құзыреті шеңберінде тапсырмаларды орындайды;

    - құжаттарды әзірлейді және жүргізеді;

    - талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізеді;

    - есептер мен ақпараттарды дайындайды.

    Құзыреті, міндеттері мен функциялары:

    Бөлім өз қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және келесі функцияларды орындайды.

    - ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын қалыптастыру және іске асыру;

    - аудандық бюджетті жоспарлау, нақтылау және атқару;

    - бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

    - экономикалық талдау және мониторинг жүргізу;

    - мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын үйлестіру;

    - қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

    - ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерді мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

    Нормативтік құқықтық актілері:

    - Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

    -Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

    - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    - Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

    - Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі туралы Ереже.

    Қабылданған нормативтік құқықтық актілері тізбесі

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі өз құзыреті шегінде дербес нормативтік құқықтық актілер қабылдамайды.

    Бөлім қызметі Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулылары мен әкімнің өкімдері шеңберінде жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік органың жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатның жалпы сомасы туралы ақпараты

    Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету және оның тиімді жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының 5 971 702 (бес миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың жеті жүз екі) мың теңгені құрайды. Аталған қаражат мемлекеттік органның өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін сапалы әрі уақытылы орындалуына бағытталған.

    Статистикалық ақпарат

    Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму қарқынын сипаттайтын негізгі статистикалық көрсеткіштер:

    2026 жылдың 1 сәуір жағдайына Мұнайлы ауданының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалысы туралы ақпарат

    Ауданның жалпы макроэкономикалық көрсеткіштердің а.ж. 1 сәуір жағдайына орындалысы келесідей:

    Мұнайлы ауданының халқының саны 174 357 адамды құрап отыр(01.03.2025 ж.- 172,4 мың адам).

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 01.04.2026 жыл жағдайына 25 801,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 805,9 млн.теңгеге көбейді. НКИ – 71,2%(01.04.2025 жыл – 16 995,7 млн.теңге, НКИ – 103,7 %).

    1.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 01.04.2026 жыл жағдайына – 2 528,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 784,5 млн.теңгеге көбейді. НКИ – 123,2% (01.04.2025 ж. –1 744,3 млн.теңге, НКИ – 115,4 %).

    Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 354,6 млн.теңге, НКИ – 125,2% (01.04.2025 ж. –1 742,4млн.теңге, НКИ – 115,6%), өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі84,8млн.теңге, НКИ – 100% (01.04.2025 ж. – 2 млн.теңге, НКИ – 100%).

    2.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 01.04.2026 жыл жағдайына 5 627 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 550,9 млн.теңгеге азайды. НКИ – 57,9% (01.04.2025 жыл – 9 177,9 млн.теңге, НКИ – 93,8%).

    3. Құрылыс жұмыстарының көлемі 01.04.2026 жыл жағдайына 16 411,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12 634,6 млн.теңгеге көбейді. НКИ – 409,9%(01.04.2025 ж. – 3 776,9 млн.теңге, НКИ – 674,1%).

    Ауданда 11,6 мыңшаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың ш.м-ге азайды, НКИ – 89,6%(01.04.2025 ж. – 12,9 мың ш.м.).

    Кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ақпарат:

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі кадрлық қамтамасыз ету жұмысын Қазақстан Республиксының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлім мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен жасақталған.

    Кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде :

    - мемлекеттік қызметке қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады;

    - қызметкерлердерді тағайындау және қызметтен босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі;

    - мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты негізінде ұйымдастырылады.

    Бөлімнің кадрлық құрамы:

    - штат бірліктерінің саны мемлекеттік қызметкер – 9 бірлік және өзге қызметкерлер саны – 5 бірілік. Нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны - 14 бірілік

    Кадрлық саясаты:

    - мериторкратия қағидаттарына негізделген;

    - мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау қамтамасыз етіледі;

    - қызметтік тәртіп пен еңбек тәртібі қатаң сақталады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бөлімде:

    - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп тұрады;

    - қызметтік әдеп сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бақылау жүргізіледі;

    - азаматтардың өтініштері мен шағымдарын объективті қарау қамтамасыз етіледі;

    - бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріледі;

    - ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бөлім қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

    Өтініштер мен сұрау салулар

    Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөліміне жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтініштер мен сұрау салулар жолдай алады.

    Азаматтарға қолайлы болу мақсатында бөлімнің ресми интернет-ресурсынада өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері орналтырылған.

    Өтініштер:

    - жазбаша түрде

    - электрондық форматта

    - «е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жолданады.

    1) Жалпы өтініш үлгі:

    Үлгі:

    Кімге: Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысына (аты-жөні)

    Кімнен: (аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, байланыс телефоны)

    Өтініш

    Мен, ______________________________________________________, Сізден _________________________________________________________сұраймы.

    Қосымша: _________

    Күні:______________

    Қолы: _____________

    2) Ақпарат сұрау (запрос) үлгісі

    Сұрау салу

    Мен, ___________________________________, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі ақпаратты ұсынуыңызды сұраймын:

    _______________________________________________________________________________________________________________________________

    Жауапты төмендегі байланыс арқылы жолдауыңызды сұра ймын:

    (телефон/ эл.пошта)

    Күні: __________

    Қолы: __________

    3) Электрондық өтініш туралы ақпарат

    «е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.