Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты
«Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан әрі-әкімінің аппараты) ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциаларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Ауылдық округ әкімінің аппараты заңнмаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
«Көксу ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100111, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылы, Орталық көшесі, 22.