Айыртас ауылдық округінің әкімдігі
Әкімдік туралы
Айыртас ауылдық округі Қарағанды обылысының орталық бөлігінде, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан.Ауылдық округтің орталығы, Айыртас ауылы болып саналады. Айыртас ауылы 1965 жылы құрылған.Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Айыртас ауылдық округі 1 ауылдан тұрады, ол Айыртас.
Жалпы халық саны 172 адамды құрайды.
Мамандануы – мал шаруашылығын дамыту.
"Айыртас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.