Ортадересін ауылдық округінің әкімдігі
Әкімдік туралы
Ортадерсін ауылдық округі Қарағанды обылысының орталық бөлігінде, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан. Ауылдық округтің орталығы, Ортадерсін ауылы болып саналады. Ортадересін ауылы 1932 жылы құрылған.Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Ортадересін ауылдық округі 3 ауылдан тұрады, олар; Ортадерсін, Ортадерсін ст., Ақжайдақ ст..
Жалпы халық саны 425 адамды құрайды.
Мамандануы – мал шаруашылығын дамыту.
"Ортадерсін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.