"Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Әкімдік туралы
"Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі орналасқан Ақжарық ауылы -Қызыларай ауылдық округінің орталығы болып саналады. Қызыларай ауылдық округі Қарағанды облысының орталық бөлігінде, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 63 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ 1926 жылы құралған. Жалпы жер көлемі - 156257 га. Халық саны 700 адам.
Мамандануы - мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.