"Тасарал ауылдық округі әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі
Әкімдік туралы
Қарағанды облысында, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 380 шақырым жерде Тасарал ауылдық округі орналасқан. Ауылдық округтің орталығы-Тасарал ауылы. Тасарал ауылы 1929 жылы құрылған.
Жалпы халық саны-502 адам.
Мамандануы-балық аулау, мал шаруашылығы.
"Тасарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары болып табылады.