Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімдігі
"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі әкімінің әкімдігі" ММ ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің аппаратын әкім басқарады. Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады. Жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.