"Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

    Әкімдік туралы

    Шарықты ауылдық округі Қарқаралы аудан орталығының солтүстік-шығыс бағытында 125 шақырым қашықтықта орналасқан. Шарықты ауылдық округі оңтүстігінде Нұрмақов ауылдық округі, солтүстігінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы, батысында Қоянды, шығысында Тәттімбет ауылдық округтерімен шектеседі.

    Округ орталығы Теректі ауылы 1961 жылы құрылған. Ауылдық округтің барлық жер көлемі 186932 га. құрайды. Округ құрамына 4 елді мекен Теректі, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл ауылдары кіреді.

    Жалпы халық саны 1070 адамды құрайды. Шарықты ауылдық округінің басты бағыты ауыл шаруашылығы және тау-кен өндірісі.

    "Қарқаралы ауданының Шарықты ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.