Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округі әкімінің аппараты
Тегісшілдік ауылдық округі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының батыс бөлігінде, облыс орталығынан – 200 шақырым, аудан орталығынан – 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Әкімшілік – аумақтық бөлініс бойынша Тегісшілдік ауылдық округінде 3 ауыл бар: Тегісшілдік ауылы, Жарлы ауылы және Қарынши ауылы. Ауылдық округте жалпы халық саны – 1025 адам. Округтің жалпы жер аумағы – 142,366 мың га, Н.Әбдіров, Жаңатоған, Бесоба, Угар, Қаршығалы, М.Мамыраев ауылдық округтерімен шектеседі. «Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылдық округіәкімі аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік – құқықтық актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.