"Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" ММ

    Жалпы ақпарат

    "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) облыс аумағының деңгейінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуді ұйымдастыруда меншік нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Басқарманың мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңнамалық, нормативтік құқылық актілерін, облыс әкімдігі және әкімінің, уәкілетті орталық атқарушы органның жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.