Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

    Функциялар:

    1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан және ауылдық округ әкімдері шешімдері мен өкімдерінің сөзсіз орындалуын ұйымдастырады;

    2) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;

    3) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне талдау жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды;

    4) ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық - талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

    5) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

    6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз етеді, ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастырады;

    7) әкімнің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша үйлестіруді және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.