«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» ММ
Бөлім туралы
Мемлекеттік мекеменің миссиясы: аудандық коммуналдық меншікті ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. 15. Тапсырмалар: 1) аудандық коммуналдық меншікті ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету; 2) Бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету. 3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатының ұтымды және үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету.