Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Басшының жеке қабылдауы алдын ала жазылу арқылы әр сәрсенбі күні сағат 14:30-дан 16:30-ға дейін өткізіледі. Қабылдауға жазылу және қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласуға болады.