«Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығы» КММ

    О АОЦИТе

    Орталық қызметінің міндеті және мақсаты:

    - Білім берудегі дамыту Мемлекеттік бағдарламасы арқылы, ақпараттық және компьютерлік технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру, соның ішінде білім беру сапасын бағалау жүйесін енгізу арқылы Алматы облысындағы білім беру сапасын арттыруға жағдай жасау;

    - Білім беру саласындағы компьютерлендіру және жаңа технологиялар проблемаларын дамыта отырып оқыту, білім мен техникалық оқыту құралдарын бақылаудың тестілік әдістері жөніндегі мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік, жобалау, енгізу-іске қосу жұмыстарын үйлестіру.

    - Білім беру үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әдістемелік құралдар, бағдарламалар, курстар, нұсқаулар, көрнекілік құралдар әзірлеу;

    - Компьютерлік техника және интерактивті құрылғыларды білім беруде пайдалану, білім берудің жаңа технологияларын қолдану проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

    - Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларды оқыту, тестілеу, білім берудегі компьютерлік техника және интерактивті құрылғыларды күндізгі және қашықтан оқыту түрлерінде қолдану, білім сапасын бағалау мәселелері бойынша білім беру жүйесінің басшы кадрларын, мұғалімдерді, оқытушыларды, қызмет көрсетушілерді, білім беру жүйесінің мамандарын мақсатты даярлау және біліктілігін арттыру;

    Орталықтың 3 бөлімі бар: Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі, Білім үрдісін ақпараттандыру бөлімі,Білім берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.