«Петропавл қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ»

    Жалпы ақпарат

    Міндеттері:

    1. Отбасыларды және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2. Адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету.

    Функциялары:

    1. Мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асыру, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу шаралары;

    2. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту бойынша жұмысты өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы үйлестіру;

    3. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

    4. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;

    5. Мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    6. Мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша волонтерлермен, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;

    7. Мемлекеттік отбасылық саясаттың даму үрдістеріне мониторинг және талдау жүргізу;

    8. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;

    9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өзге де шараларды іске асыру;

    10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    Орталыққа өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.