«Петропавл қаласы әкімдігінің активтер және сатып алу бөлімі» КММ
«Петропавл қаласы әкімінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
2026 жылғы 8 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін «Петропавл қаласы әкімінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Міндеттері:
мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы есептілікті қалыптастыру;
өткізілген сатып алулардың мониторингін жүзеге асыру;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасымен, Бюджет кодексімен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өкілеттіктері:
1) құқығы:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
Функциялары:
тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, конкурс немесе аукцион өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін, сондай-ақ бірыңғай ұйымдастырушы ретінде конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушімен келісу;
тапсырыс берушімен әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын келісу;
конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;
конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу;
заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;
заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингін жүргізу және есебін алу.
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру;
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген мемлекеттік сатып алуды жүргізу.
«Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктерін іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» КММ -сінің қызметкерлер тізімі
Каб № |
Т.А.Ә |
Лауазымы |
қызметтік телефоны |
215 |
Шәріпов Мақсат Қазисұлы |
бөлім басшысы |
46-30-65 |
221 |
Сейтенов Данияр Думанұлы |
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және мониторинг секторының меңгерушісі |
46-10-92 |
208 |
Шаяхметова Айнаш Орынбасарқызы |
Мемлекеттік активтер және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі |
36-27-18 |
208 |
Валеева Наталья Андреевна |
мемлекеттік активтер және коммуналдық меншік секторының бас маманы |
36-27-18 |
221 |
Қазияқбар Ақнұр Саматқызы |
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жүргізу және мониторингілеу секторының бас маманы |
46-10-92 |
214 |
Сыздықова Бақыт Елемесқызы |
әдіскер-бухгалтер |
46-30-72 |
214 |
Смирнова Елена Александровна |
кадрлар жөніндегі әдіскер |
46-30-72 |
214 |
Шайкенова Әлия Ерікқызы |
басшының хатшысы |
46-30-72 |
208 |
Шаймерденов Қуаныш Тілеуғабылұлы |
әдіскер-заңгер |
36-27-18 |
208 |
Айтмулина Назгүл Бейбетқызы |
әдіскер |
36-27-18 |
221 |
Халелов Диас |
әдіскер |
46-10-92 |
Нұрсұлтан Ержанұлы Қапезов |
жүргізуші |
Пресс-релиз
Бөлімнің 2026 жылға арналған бюджеттік бағдарламасымен танысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
Бөлімнің 2026 жылға арналған азаматтық бюджетімен танысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
https://budget.egov.kz/material/material?id=4266248&govAgencyId=24230200
Басшы
Мемлекеттік қызмет бөлімі " КММ әкімдіктің
активтері мен сатып алулары Петропавл қаласы"
М. Шәріпов