«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ
Мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к., 23
Ресми интернет-ресурсы:petropavl.sko-bilim.agartu.kz
Электрондық пошта адресі:[email protected]
Сенім телефоны: 46-13-60
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100022670693633
Instagram: https://instagram.com/ptroobrazovaniia?utm_medium=copy_link
«Петропавлқаласының білім бөлімі»КММ қызметкерлерінің тізімі
Саны |
Кабинет |
Аты-жөні, фамилиясы |
Қызметі |
Жұмыс телефоны |
Мемлекеттік қызметкерлер | ||||
1 |
301 |
Рақышева Динара Болатовна |
Бөлім басшысы |
46-56-58 қабылдау бөлмесі |
2 |
303 |
Ибраева Гүлбарам Хаиржановна |
Бөлім басшысы орынбасары |
46-92-05 |
3 |
110 |
Баскенова Сабина Какмжановна |
Қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі |
49-02-25 |
4 |
304 |
Шотпаева Алия Шентемировна |
Жалпыға бірдей оқыту жөніндегі бас маман |
46-32-59 |
5 |
302 |
Каринова Арай Жанибековна |
Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман |
36-17-44 |
6 |
104 |
Токарев Андрей Евгеньевич |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
36-03-88 |
Әдістемеліккабинет | ||||
7 |
314 |
Досумова Марал Мухамеджановна |
46-53-59 | |
8 |
314 |
Табеева Гульжан Аманжоловна |
Бастауыш сынып бойынша әдіскер |
46-32-59 |
9 |
314 |
Темирбаева Гаухар Жумабековна |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері |
46-53-59 |
10 |
314 |
Уточенко Галина Ивановна |
Оқу пәндері (орыс тілі мен әдебиеті) бойынша әдіскер |
46-53-59 |
11 |
314 |
Черепанова Евгения Александровна |
Әдістелік кабинеттің меңгерушісі |
46-53-59 |
12 |
314 |
Зуева Екатерина Евгеньевна |
Оқу пәндері (тарих,дінтану) бойынша әдіскер |
46-53-59 |
13 |
304 |
Загороднова Арина Валерьевна |
Жалпы мәселелер жөніндегі әдіскер(тамақтану,инклюзия) |
46-32-59 |
14 |
304 |
Ескакова Жанар Сабитовна |
Оқу пәндері (психолог) бойынша әдіскер |
46-32-59 |
15 |
305 |
Амержанова Шолпан Кабижановна |
Оқу пәндері бойынша әдіскер (технология) |
46-50-77 |
16 |
305 |
Кайржанова Зарина Багдатовна |
Оқу пәндері бойынша әдіскер (тәрбие жұмысы) |
46-50-77 |
17 |
305 |
Кітапхана қоры бойынша әдіскер |
46-50-77 | |
18 |
314 |
Ибраева Жазира Ахановна |
Оқу пәндері бойынша әдіскер (биология, химия) |
46-53-59 |
19 |
314 |
Гарас Светлана Николаевна |
Оқу пәндері бойынша әдіскер (математика, информатика, физика) |
|
20 |
305 |
Айсина Нургуль Бауржановна |
Дене шынықтыру бойынша әдіскер |
46-50-77 |
21 |
305 |
Каиров Багдат Бейбитович |
Методист по физической культуре |
|
22 |
315 |
Курмангожина Жанар Еркиновна |
Оқу пәндері бойынша әдіскер |
46-13-60 |
23 |
304 |
Баженова Айгуль Нурбаевна |
Мемлекеттік тілдегі құжаттар редакторы |
46-32-59 |
24 |
315 |
Бейсенова Молдира Сабыржановна |
Кадрлар бойынша инспектор |
46-13-60 |
25 |
Барбанов Еркен Ермуканович |
жүргізуші |
||
Қорғаншылық және қамқоршылық секторының секторы | ||||
26 |
110 |
Жансеитова Гульмира Галымовна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
27 |
110 |
Галымжанова Гульнурум Турсуновна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
28 |
110 |
Савченко Людмила Балтабаевна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
29 |
110 |
Алибаева Асель Темурхановна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
30 |
110 |
Жамалиева Бахыт Уралбековна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
31 |
110 |
Садыкова Данагуль Хабиболлаевна |
Әдіскер – қамқоршы |
46-18-47 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секторы | ||||
32 |
14 |
Испандьярова Сайран Кабиденовна |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секторы әдіскері |
50-11-78 |
33 |
14 |
Оспанова Ботагоз Имантаевна |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секторы әдіскері |
50-11-78 |
34 |
14 |
Рахметова Сая Зайнулкабиденовна |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секторының әдіскері |
36-64-19 |
Бухгалтерия қызмекерлері | ||||
35 |
316 |
Галеева Улжан Амантаевна |
бас бухгалтер |
36-41-98 |
36 |
104 |
Рустемова Нури Азимходжаевна |
бас бухгалтердің орынбасары |
36-36-27 |
37 |
316 |
Баймухамбетова Гульбаршин Касетовна |
бас экономист |
36-41-98 |
38 |
8 |
Бакумова Татьяна Владиславовна |
Мектеп сектораының басшысы |
36-35-32 |
39 |
8 |
Арыкова Акдана Сериковна |
экономист |
46-92-62 |
40 |
8 |
Штеле Марина Викторовна |
экономист |
46-13-58 |
41 |
8 |
Даирова Гулюм Балатбаевна |
экономист |
46-13-58 |
42 |
8 |
Кошечка Наталья Юрьевна |
бухгалтер |
36-28-65 |
43 |
8а |
Шульга Наталья Александровна |
аға бухгалтер |
36-36-88 |
44 |
104 |
Қуандыққызы Назгүл |
бухгалтер |
36-36-27 |
45 |
7а |
Сюсюгина Елена Викторовна |
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер |
36-36-86 |
46 |
8а |
Кусаинова Жанар Сергеевна |
бухгалтер |
36-28-65 |
47 |
8 |
Рамазанова Нелия Александровна |
экономист |
46-13-58 |
48 |
ул. Алтынсарина, 229 |
Юртаева Вероника Владимировна |
архивариус |
87073532863 |
49 |
8а |
Жаменова Гул Сериковна |
бухгалтер |
36-34-51 |
50 |
8а |
Жакиянова Халида Алиевна |
бухгалтер |
36-34-51 |
51 |
7 а |
Афанасьева Наталья Юрьевна |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының жетекшісі |
36-36-86 |
Сотрудники по договору | ||||
52 |
301 |
Габдулина Асем Газизовна |
статистик |
46-30-24 |
53 |
110 |
Голубев Константин Александрович |
статистик |
46-89-28 |
54 |
110 |
Байжолова Салтанат Мейірханқызы |
статистик |
46-89-28 |
55 |
301 |
Таутиханова Айгуль Муратовна |
статистик |
46-56-58 |
56 |
9 окно |
Ахметова Асель Чингисовна |
статистик |
|
57 |
Бейсенов Адиль Батрович |
жүргізуші |
||
Білім беру ұйымдарының басшыларынң тізімі «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ
№ |
Білім беру ұйымдары |
Басшының ТАӘ |
1 |
«Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ |
Спиченок Светлана Васильевна |
2 |
«Смағұл Садуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп» КММ |
Сачкова Антонина Геннадьевна |
3 |
«№ 4 орта мектеп» КММ |
Каратаева Сауле Багитовна |
4 |
«№ 5 орта мектеп» КММ |
Смаилова Кулюмкоз Каирбаевна |
5 |
«Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ |
Ескалиева Айнагуль Жумабековна |
6. |
«№ 7 орта мектеп» КММ |
И.о. Тужик Юлия Андреевна |
7 |
«№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ |
Уалиева Айгерим Файзуллаевна |
8 |
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ |
Аленова Гульден Жаксылыковна |
9 |
«Н.К.Крупская атындағы № 10 орта мектеп» КММ |
Ельцова Ирина Борисовна |
10 |
«БЭСТ» гимназиясы» КММ |
И.о. Кожахметова Жанар Еркиновна |
11 |
«№ 12 орта мектеп» КММ |
Баукенов Айткожа Елеусизович |
12 |
«№ 13 орта мектеп» КММ |
Кайсин Абай Кошкарбаевич |
13 |
«Ю.А.Гагарин атындағы № 14 орта мектеп» КММ |
Прелгаускас Дмитрий Кестутисович |
14 |
«№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ |
Жалмуканова Лаззат Жумагуловна |
15 |
«әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ |
Байбурина Амина Набиевна |
16 |
«Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектеп» КММ |
Жамулдинова Жибек Искеновна |
17 |
«№ 21 орта мектеп» КММ |
Салимов Наиль Камильевич |
18 |
«№ 23 орта мектеп» КММ |
Алимова Наталья Маратовна |
19 |
«№ 24 орта мектеп» КММ |
И.о. Мальжанова Алия Конысбаевна |
20 |
«Әліхан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Хасенова Жулдуз Колымжаевна |
21 |
«№ 26 мектеп-балабақша» КММ |
Гальчукова Лариса Васильевна- |
22 |
«№ 27 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Кокушева Салтанат Курбановна |
23 |
«№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Жаканова Гульжан Шамилевна |
24 |
«№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Турсынова Сауле Нургалиевна |
25 |
«№ 31 орталау мектеп» КММ |
Максимишина Оксана Сергеевна |
26 |
«Сәбит Мұқанов атындағы № 32 орта мектеп» КММ |
Букатова Наталья Юрьевна |
27 |
«Бірінші гимназия» КММ |
Анцибор Татьяна Михайловна |
28 |
«Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» КММ |
Мурзатаева Роза Аманжоловна |
29 |
«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ |
Новикова Оксана Николаевна |
30 |
«№ 42 орта мектеп» КММ |
И.о. Сингаевская Светлана Владимировна |
31 |
«Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ |
Умарова Акку Тулюгеновна |
32 |
«№ 44 орта мектеп» КММ |
Якушева Анастасия Евгеньевна |
33 |
«Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы» КММ |
И.о. Алпысбаева Нургуль Беркутовна |
34 |
«Дарын» мектеп-лицейі» КММ |
Мәкен Ерлан Зәйтөнұлы |
35 |
«Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі» КММ |
Касенова Бикеш Жанузаковна |
36 |
«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ |
Нургожин Шегебай Маруарович |
37 |
«Кешкілік жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Кусаинов Жаналык Еркенович |
МЕКТЕПТЕН ТЫС ҰЙЫМДАР
№ |
Білім беру ұйымдары |
Басшының ТАӘ |
1 |
«Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ |
Сейтмухамбетова Идея Габдухаковна |
2 |
«Жас дарын» өнер мектебі» КММ |
Билялов Самат Серикович |
3 |
«Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ |
Гирц Валентина Семеновна |
4 |
«Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ |
Галиева Рита Жаксылыковна |
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР
№ |
Білім беру ұйымдары |
Басшының ТАӘ |
1 |
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» |
Жумагулова Ляззат Малгельдиновна |
2 |
«Аленушка» бөбекжай-бақшасы» |
Ламаш Ольга Сергеевна |
3 |
«Арман» бөбекжай-бақшасы» |
Кульжанова Эсия Балтабаевна |
4 |
«Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасы» |
Булатова Гульшат Маратовна |
5 |
«Арай» бөбекжай-бақшасы» |
Жантасов Ербулат Серикович |
6 |
«Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» |
Абилова Жанна Еркеновна |
7 |
«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы» |
Сабитова Мадина Канашевна |
8 |
«Ақ қайың» бөбекжай-бақшасы» |
Сералина Райхан Кустаулетовна |
9 |
«Алтын бесік» бөбекжай-бақшасы» |
Казиканова Раушан Каиржановна |
10 |
«Балдырған» бөбекжай-бақшасы» |
Стабаева Сандугаш Биржановна |
11 |
«Балапан» бөбекжай-бақшасы» |
Баймухаметова Хазиза Туякпаевна |
12 |
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы» |
Насырова Татьяна Николавена |
13 |
«Батыр» бөбекжай-бақшасы» |
Аредакова Ирина Юрьевна |
14 |
«Балауса» бөбекжай-бақшасы» |
Насилова Айгуль Конусбаевна |
15 |
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» |
Дарбаева Мадина Танжарбаевна |
16 |
«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» |
Ахметова Айгуль Сабырбаевна |
17 |
«Ивушка» бөбекжай-бақшасы» |
Габдуллина Факизат Марленовна |
18 |
«Ласточка» бөбекжай-бақшасы» |
Базаркина Елена Яковлевна |
19 |
«Малыш» бөбекжай-бақшасы» |
Рамазанова Майра Насыровна |
|
20 |
«Нұр бөбек» бөбекжай-бақшасы» |
Старцева Светлана Витальевна |
«Нұр бөбек» бөбекжай-бақшасы» филиал | ||
21 |
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» |
Галимова Заукен Бекежановна |
22 |
«Нұр бала» бөбекжай-бақшасы» |
Кужракаева Алма Койшиевна |
23 |
«Петушок» бөбекжай-бақшасы» |
Козлова Елена Анатольевна |
24 |
«Росинка» бөбекжай-бақшасы» |
Будаева Валентина Петровна |
25 |
«Солнышко» бөбекжай-бақшасы» |
И.о. Бессмельцева Ольга Анатольевна |
26 |
«Сәуле» бөбекжай-бақшасы» |
Сексембаева Асель Керимхановна |
27 |
«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» |
Мусина Балгын Науановна |
28 |
«Снежинка» бөбекжай-бақшасы» |
Чечушкова Светлана Алексеевна |
ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР
| № | Білім беру ұйымдары | Басшының ТАӘ |
| 1. | «Василек» ЖБО | Куницына Людмила Михайловна |
| 2. | «Чайка» ЖБО | Борисов Борис Алексеевич |
| 3. | «Искорка» ЖБО | Полищук Раиса Ивановна |
| 4. | «Кроха» ЖБО | Малабаева Наталья Владимировна |
| 5. | «Ашык аспан» ЖБО | Мацкевич Нина Андреевна |
| 6. | «Куырмаш» ЖБО | Нугуманова Диана Ерлановна |
| 7. | «АБВГДЕЙКА» ЖБО | Жаркова Ольга Владимировна |
| 8. | «Добрая сказка» ЖБО | Михайлова Анна Викторовна |
| 9. | «Баларман» ЖШС | Ильясов Балдырган Камбарович |
| 10. | «Знайка» ЖБО | Колмогорова Елена Владимировна |
| 11. | «Достык» ЖБО | Возвышаева Ольга Викторовна |
| 12. | «Алакай» балабақшасы» ЖБО | Сергазина Гульнар Ануарбековна |
| 13. | «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасы» | Даутова Инара Мажидовна |
| 14. | «Колокольчик» бөбекжай-бақшасы» | Андросова Татьяна Михайловна |
| 15. | «Няня» ЖК | Кудырова Альбина Талгатовна |
Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарына сайлау тәртібі» қағидаларының 2-бабының 10-тармағына сәйкес
Мектепке дейінгі ұйымдардағы қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
Орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1)осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
7)оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
Балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері-кемінде 3 адам;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
7)оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
9-тармаққа сәйкес кандидаттар қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1)өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 15-25қыркүйек аралығында.
Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.
Анықтама телефоны:
465077 (орта және қосымша білім)
366419 (мектепке дейінгі білім беру)
Елбасының Жолдауы
08.09.2025 жыл
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын қарауға қатысты.
Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын,сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртудың жолдарын айқындап берді.Цифрландыру және әртүрлі қызмет салаларында жасанды интеллект енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салу жоспарланған,қазіргі таңда оның 150 жұмысын атқаруда.Қалған мектептердің құрылысы үш айдың ішінде аяқталуы тиіс.Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жыдам өзгертуде.Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс артып келеді.
Сондықтан менің тапсырмам бойынша,100 мың студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуға арналған «Al-Sana» бағдарламасы іске қосылды.Бірақ жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектептен басталуы керек.Осыған байланысты бірқатар бастамалар әлдеқайда ертерек жүзеге асырылуы тиіс.Ең алдымен мектеп оқушыларына жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу-әдістемелік кешен дайындау қажет.Сондай-ақ мұғалімдердің жасанды интеллект технологиясын қолдану дағдыларын дамыту қажет.
Жалпы,бұл Жолдау Қазақстандағы білім берудің болашағына стратегиялық көзқарасты көрсетеді.Бұл мемлекетіміздің адами капиталды дамытудағы,инновацияларды енгізуге және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын даярлауға ден қойғанын көрсетеді.
Елімізде отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілуде
⚜️1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі. Бұл – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған уақытша, бірақ маңызды қадам.
🧑🧑🧒🧒Кәсіби қабылдаушы отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Мұндай отбасыға бала қабылдамас бұрын үміткерлер міндетті түрде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Оқыту жетім балаларға арналған мемлекеттік мекемелерде және балаларды отбасына қабылдағысы келетін адамдарды оқытуға құқығы бар аккредиттелген ұйымдарда ұйымдастырылады.
🗃️Кандидаттарды бекіту туралы түпкілікті шешімді қамқоршылық және қорғаншылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.
💬«Қазіргі уақытта қамқоршылық органдары кәсіби қабылдаушы ата-аналарды іріктеу және даярлау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Жаңа форматтың негізгі артықшылығы – балалар интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға орналастырылады. Бұл — баланың психологиялық күйзеліске түсу қаупін азайтып, алғашқы күндерден-ақ оны мейірім мен жылылыққа толы тұрақты отбасылық ортаға бейімдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
💰Әрбір кәсіби қабылдаушы тәрбиешіге балаға жұмсалатын ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ тәрбиелеу қызметі үшін еңбекақы төленетін болады.
⚠️Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде балаларды отбасына орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат, қабылдаушы отбасы.
Петропавл қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2025 жылғы 5-12 қыркүйек аралығында көптілділік пен мәдениетаралық диалогты дамытуға баса назар аударатын маңызды мәдени оқиға болып табылатын "Тілдер апталығы" өткізілді.
Бұл бастама әртүрлі ұлттардың мәдениетіне төзімділік пен құрмет қалыптастыруға ықпал ете отырып, тәрбиеленушілерді көп тілді ортаға интеграциялау алаңына айналды. Іс-шараға қатысушылар, балабақша тәрбиеленушілері шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлеріне белсенді қатыса отырып, лингвистикалық және мәдени құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. "Тілдер апталығы" аясында балалар түрлі тілдерде өлеңдер оқыды, вокалдық шығармалар орындады, ашық ойындар мен флешмобтарға қатысты.Бұл тілдік дағдыларды дамытуға ғана емес, коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға да ықпал етті.
Жарқын костюмдерді қолдану ерекше маңызға ие болды, бұл бірлік пен қуаныш атмосферасын құруға ықпал етті. Іс-шара барлық қатысушыларға ұзақ әсер қалдырды, бұл қатысудың жоғары деңгейімен және балалардың жағымды эмоционалды реакциясымен расталды.
Петропавлдың мектепке дейінгі ұйымдарындағы" Тілдер апталығы " балалардың көп тілді және көп мәдениетті құзыреттілігін қалыптастырудағы, сондай-ақ олардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытудағы маңызды қадам болды.
NIS-те бағалаудың бiлiм беру сапасындағы рөлi талқыланды
Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң «Жаңа жағдайдағы бiлiм беру» жобасы аясында Педагогикалық өлшемдер орталығы өткiзген үшiншi дөңгелек үстел елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен мыңға жуық мұғалiмдi жинады
Кездесу бағалау процесi туралы педагогтердiң өзектi сауалнамасынан басталды. Алғашқы нәтижелер мұғалiмдердiң басым көпшiлiгi (бестен төрт бөлiгi) бағалау бiлiм берудiң нақты сапасын көрсетедi деген сенiмiн айқындады. «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрi нақты баға оқушының дамуына, өзiнiң күштi немесе әлсiз тұстарын түсiнуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететiнiн атап өттi:
– Бағалау «Мен және тұжырымдама» ұғымының қалыптасуына, яғни оқушының өзi туралы түсiнiгiне әсер етедi. Мұғалiмнiң бағалауы, сыныптастар мен ата-ананың реакциясы өзiн-өзi бағалау деңгейiн арттырады. Оқушының бағалаудағы «Мен» ұғымына қанағаттануы өзiнiң жеке маңыздылығы мен әл-күшiн, барабарлығы мен пайдалылығын сезiнуге, сондай-ақ осы дүниеге өзiнiң қажет екенiн түсiнуге ықпал етедi, — деп атап өттi Күләш Ноғатайқызы.
Күләш Ноғатайқызының тұжырымдары «Бiлiм — 2030» жаһандық жобасы шеңберiнде ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) зерттеу нәтижелерiмен бекiтiлдi. Жобаның ұлттық үйлестiрушiсi — NIS. Бағалаудың дәстүрлi модельдерi өзгерiс үстiнде, ал жаңа қалыпты жағдайда оқушылар өздерiнiң оқу процесiн жақсартуға белсене қатысып келедi.
Педагогикалық өлшеулер орталығының директоры Айдана Шилибекова дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын мұғалiмдер үшiн iшкi және сыртқы бағалау нәтижелерiнiң келiсiмдiлiгiн қадағалаудың маңызды екенiне аударды. Бұл өз кезегiнде бiлiм беру сапасын қамтамасыз етедi. Осылайша, сыртқы бағалаудың күштi жүйесi қоғамдық сенiмдi оята алады. Бүгiнгi таңда Қазақстанда Дүниежүзiлiк банктiң қолдауымен «Оқушыларды бағалау жүйесiн жаңартылған бiлiм беру мазмұнымен сәйкестендiру» бағыты бойынша «Орта бiлiм берудi жаңғырту» кешендi жобасы iске асырылуда. Cambridge Assessment пен NIS-тiң бұл жоба аясындағы әрiптестiк байланысының мақсаты — орта бiлiм беру жүйесiн дамытудағы халықаралық тәжiрибе мен қазақстандық жетiстiктердiң бiрiгуi. Жобаның негiзгi сарапшыларының бiрi Анна Грин халықаралық бағалау стандарттары және оларға қалай сәйкес келу керектiгi туралы ақпаратпен бөлiстi.
– Лайықты бағалау — жақсы бiлiм берудiң темiрқазығы. Бiз емтихандарымызды әзiрлеу барысында оқушылардың бойына сiңiргiмiз келетiн дүниелердi басты назарға аламыз. Олар: пәндi тереңiнен меңгеру, концептуалды түсiнiк және жоғары деңгейлi ойлау дағдылары. Бiздiң бағалауымыз оқушыларды үлгерiмi бойынша тиiмдi саралауға мүмкiндiк бередi. Бiз оны әдiл, валидтi, сенiмдi және iс жүзiнде мүмкiн болатындай етiп өткiземiз, — деп атап өттi Cambridge Assessment сарапшысы.
Дөңгелек үстелдiң басында сауалнамадан өткен қатысушылардың басым көпшiлiгi стандарттарға сәйкестiк мәселесi мектептердi бағалау деңгейiнде де қарастырылуы керек деген пiкiрмен келiстi. «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ДББҰ Басқарма төрайымы орынбасары Ольга Можаеваның баяндамасы халықаралық деңгейдегi мектеп қызметiн бағалау тәсiлдерiнiң бiрi — аккредиттеуге негiзделдi. Спикер халықаралық аккредиттеу процесiнде мектептердiң iшкi өзiн-өзi бағалауын ерекше маңызды кезең деп атады. NIS мысалында Ольга Ивановна орта бiлiм беру ұйымдары үшiн өзiн-өзi бағалаудың маңыздылығын талдады.
– Жалпы бiлiм беретiн мектептер Зияткерлiк мектептердiң өзiн-өзi талдау және өзiн-өзi бағалау тәжiрибесiн қолданыстағы стандарттарға сәйкес өздерiнiң күштi және әлсiз жақтарын түсiну мен дамыту бойынша нақты шараларды жоспарлау үшiн пайдалана алады. NIS әрбiр мүдделi мектепке консультациялық, әдiстемелiк және әдiснамалық қолдау көрсетуге дайын, — деп қорытындылады Ольга Можаева.
Мұғалiмдердiң алдында тұрған негiзгi мiндеттердiң бiрi — бағалауды оқу процесiне кедергi келтiрмейтiн жүйе ретiнде қалыптастырып, оны жақсарту. Бұл пiкiрдi Назарбаев университетiнiң профессоры Мэтью Кортни ұстанады. Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының орынбасары Сәуле Вильданова шетелдiк сарапшының ой-пiкiрiн жалғастыра отырып, мұғалiмдер практикасының бағалау әдiснамасына жан-жақты тоқталды. Сәуле Аифовна бағалау тек оқушыларға ғана емес, сондақ-ақ педагогқа да байланысты екендiгi туралы пiкiрмен бөлiстi. Кез келген оқушы түсiнiктi әрi қызықты сабақ бере алатын мұғалiмнiң дәрiсiне қатысып, әдiл баға алғысы келедi, себебi бұл үрдiс жоғары нәтиже әкелетiнi сөзсiз.
Қазақтың ақыны әрi ұстазы Мағжан Жұмабаев өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көпғасырлық салт-дәстүрлердi және халықтың педагогикалық мұрасын пайдалануды ерекше атап өткен болатын. Өз еңбектерiнде ол бүгiнде енгiзiлген критериалды тәсiлге сәйкес келетiн бағалауды дұрыс түсiну туралы идеяларды бiрнеше рет көрсеткен. Тәрбиелiк аспект мұғалiмнiң сабақтағы қызметi арқылы көрiнедi. Әдеби шығармалар мен математиканы бiрiктiретiн қызықты тапсырмаларды әзiрлеу тәжiрибесiмен Семейдегi NIS-тiң математика пәнi мұғалiмi Анар Баймурзаева бөлiстi, ал өзiн-өзi бағалау және керi байланыс арқылы оқу материалын терең меңгеруге ықпал ететiн бағалау туралы мысалды елордалық №48 мектеп-лицейiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Гүлшат Капшаева ұсынды.
Педагогтардың бағалауға қатысты тұжырымдары мен пайымдауына мектеп оқушылары да шынайы пiкiрлерiн бiлдiрдi. Айта кету керек, бiлiм алушылардың көзқарасы сан алуан — бiрi бағалау жүйесi оқушыға не iстеу қажет, қандай бағытта қозғалу керек екенiн түсiнуге көмектеседi деп сенедi, ал ендi бiрi ең маңыздысы материалды игеру, баға қою мiндеттi емес деп есептейдi.
Кездесудi қорытындылай келе Күләш Шәмшидинова кез келген бағалау жүйесi адамды оқуға ынталандыруы тиiс екенiн, ал шынайы сапалы бағалау жүйесi мұғалiмнiң күнделiктi жұмысын сәттi көрсететiнiн атап өттi. Сапа — бағалаудың басты мақсаттарының бiрi.
Дөңгелек үстел барысында ұсынылған материалдар «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ДББҰ-ның жүйелiк-әдiстемелiк оқу кешенiнде жарияланады.
Атап өтейiк, бұл — Ыбырай Алтынсариннiң 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы бiлiм беру» жобасы аясында NIS-те өткен үшiншi дөңгелек үстел.