Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі орталығы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпорын қызметінің мәні — Абай облысының тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау, есепке алу, зерттеу және сақтау.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты — тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, танымал ету және насихаттау, сондай-ақ құндылығы бар және тарих пен мәдениет ескерткіштері ретінде қарастырылуы мүмкін нысандарды анықтап, оларды Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізуге дайындау.

    Өз мақсаттарына жету үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    1. Абай облысының аумағында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнаманы орындау;
    2. Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасын және әлемдік мәдениетті мақсатты түрде насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу;
    3. Ұлттық мәдениеттердің өзара байытылуын дамытуға жәрдемдесу, мәдени халықаралық іс-шаралар мен акцияларға қатысу;
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.